Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Таусылмас арман

Бекердей бәрі,
Өзіңсіз менің күлгенім,
Қасқайып қарап,
Сыр бермей менің жүргенім.
Досымнан гөрі,
Дұшпаным басым тұрғанда,
Күндеушім көп қой,
Менің де сезіп білгенім.

Біреулер маған,
Асқақтап биік қараған, Оларды менде,
Досым деп ешбір санаман.
Басыңнан аяқ,
Тұрып ап бәрі сынаған,
Сезбейді бірақ,
Жаныңды солар жылаған.

Өмірдің заңы,
Сұрақтан сансыз құралған,
Адамда мәңгі,
Таусылмас сірә, бұл арман.
Жеттім-ау десең,
Көксеген шоқы төріне,
Жауқазын болып,
Қылтияр тағы бір арман.

Сәуле Шәмшіғали.

Ұқсас жаңалықтар

Мысық пен ит

Redaktor Site

2024-2025 жылғы оқушылардың оқу және демалыс уақыты бекітілді

redaktor_qazyr

«Дикий Арманның» әрекеті: Бұрынғы түрме хирургі пікір білдірді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz