Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Телефон суға түсіп кетсе

Телефон суға түсіп кетсе

1. Уақыт өткізбей телефоныңызды ылғалды емес жерге алыңыз. Құрылғы сұйықтықта көп тұрып қалса бұзылары анық. 2. Егер телефоныңызды батареясы алынатын болса дереу шығарыңыз. Қолыңыздан келгенше телефонды бөлшектерін алып, шашып тастаңыз. Ал телефоныңыз ешқай жері алынбаса, өшіре салыңыз. Бұл қысқа тұйықталу ықтималдығын азайтады. 3. Телефондағы артық заттардың бәрін алып тастаңыз. Сыртқы қабын, сим-карта мен жад картасын да алып тастаған жөн. 4. Телефонды үстелге қойып, қағаз майлықпен абайлап сүртіңіз. Мынаны істеуге тыйым салынады: 1. Телефон кеппегенше қоспаңыз; 2. Электр тогына қосушы болмаңыз. Кем дегенде 24 сағат күтіңіз. 3. Телефонды қозғалтып, батырмаларын басудың қажеті жоқ. 4. Телефонды жылытқышпен немесе фенмен кептіруші болмаңыз. Сондай-ақ, ел арасында суға түсіп кеткен телефонды күрішке, қарақұмыққа немесе өзгеде жармаға салып, кептіру кеңінен таралған. Алайда бұл сіздің телефоныңызды кептіруге көмектеспейді. Керісінше сіз телефоныңызды күрішке салып қойған уақытта сұйықтық құрылғыны зақымдап үлгереді.

Ұқсас жаңалықтар

Боза сусынының пайдасы

redaktor_qazyr

Бала тәрбиесінде үлкендер жіберетін қателіктер

redaktor_qazyr

Шаштың қалың әрі түспеуі үшін не істеу керек?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz