Qazyr.kz порталы
Айтарым барҚазірҚоғамэкономика

Тербелген Қазақ елі

Қосымша құн салығы көтерілетіні туралы ақпарат шыққалы қоғамда түрлі сауал қорданалғаны белгілі. Бүгінгі жалпы отырыста депутаттар сол сұрақтың бәрін Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен заң жобасын қорғауға келген делегацияға қойды. Мұндай қысымнан министр тер-тер болды.

Негізгі әңгімеге оралайық. Үкімет НДС-ті «0-10-16» мөлшерінде белгілеуді ұсынып отыр. Азық-түлік секілді әлеуметтік маңызы бар салалар қосымша құн салығынан толықтай босатылады. Денсаулық сақтау саласында екі түрлі шкала есептеледі. Үкімет тізімін жасаған дәрі-дәрмектер НДС-тен босатылса, қалғаны 10 пайыздық мөлшерлеме белгіленіп отыр. Қалған кәсіптің бәрі 16 пайыз НДС төлеуге міндетті.

НДС-ты 16 пайызға өсіру көлеңкелі бизнесті көбейтеді деген пікір айтылды ғой. Шын мәнінде, бәрі керісінше болуға тиіс. Түсіндірейін.

Біріншіден, жаңа салық кодексіне сәйкес арнаулы салық режимі енгізіледі. Кіріс сомасы 600 МРП-дан аз кәсіпкердің бәрі осы арнайы салық режимі аясында салық төлейді. Дүкен, наубайхана секілді шағын кәсіптердің бәрі осы жеңілдікке ие болады да, қосымша құн салығын төлемейді.

Екіншіден, құрылыс саласы секілді кей салаға берілген салықтық жеңілдіктер алынып тасталады. Министр Жұманғарин осындай қадамның нәтижесінде 1,3 триллион теңге кіріс кіретінін алға тартады. Естеріңізде шығар, өткенде BI Group, Bazis секілді компаниялар мемлекетке қомақты салық төлемегені белгілі болып еді ғой. Ендігі жерде осындай ірі құрылыс компаниялардың төлейтін салығы көбейеді.

Осыдан келіп үшінші себеп шығады. Көптеген бизнес көп салық төлемес үшін компаниясын бірнешеге бөліп тастаған. Сөйтіп, салық мүлдем төлемейді не жеңілдетілген салық төлейді. Енді, жаңа салық кодексінде бәріне бірдей салық мөлшері қарастырылғандықтан, бизнесті бірнешеге бөлгенде салықтан үнемдей алмайды. Үлкен, кіші – бәрібір бірдей салық төлейді. Демек, фирмалар өсе бастайды.

Қосымша құн салығы бүкіл халықты алаңдатып еді. Қазіргі ұсынылып отырған нұсқа компромисті болып шығыпты.

Терлеген Мақашұлы тербелген қазақ елін тыныштандыратын шешім ұсынды. Бастысы, осы салық кодексі жүзеге асқан соң бюджетке қосымша 4-5 триллион теңге қаражат түседі.

Айбар Олжаев

Ұқсас жаңалықтар

СҚО: «Гаражда туып,тастап кеткен» 25 жастағы әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Жетісу облысында 35 643 жұмыс орны құрылды

admin_qazyr

Акция аясында тұрғындар өз еріктерімен полицияға 100 атыс қаруын тапсырды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz