Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Тоқаев: Банктер қарызға батқан азаматтарға қолдау көрсетуі қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктерді қарыз ауыртпалығын көтере алмай отырған азаматтарға көмек көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, тұтынушылық несиелердің көлемі қаржылық реттеу шараларына қарамастан өсіп келеді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 33%-ға ұлғайған, ал борышкерлер саны 1,5 миллионнан асқан.Бұл туралы Qazyr.кz тілшісі хабарлайды.

«Қарызға белшесінен батқан азаматтарға қолдау көрсету – аса маңызды саяси мәселе. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты, әсіресе жастар арасында арттыру қажет. Банктер проблемалық несиелерді қайта қаржыландырып, борышкерлердің көбеюіне жол бермеуі тиіс. Сондай-ақ, алаяқтық жолмен рәсімделген несиелерге ерекше назар аударылуы қажет», – деді Президент.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, зейнетақы қоры мен Ұлттық қордан нақты секторға қаражат тарту жалғасатынын мәлімдеді. Ол экономиканы дамыту үшін несие беру көлемін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ұзақ мерзімді қаржы тартылады, бірақ бұл жеткіліксіз. Нақты секторды қаржыландыру үшін қосымша шешімдер қажет. Кейбір сарапшылар Ұлттық қордан қаржы алу жиілегенін айтып, алаңдаушылық білдіруде. Алайда, қордың негізгі мақсаты – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сондықтан банктер бизнесті қолдап, экономиканың дамуына үлес қосуы тиіс», – деді Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтаста ақпан айының қай күндері қар немесе жаңбыр жауады?

redaktor_qazyr

Қазақстан мен Өзбекстан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ  

redaktor_qazyr

2024-2025 жылдарға арналған жұлдыз жорамал

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz