Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚоғам

Толассыз жауған жауыннан 100-ден аса адам мерт болды

Непалда Катманду мен оған жақын орналасқан елді мекендерде жауған нөсер жаңбыр салдарынан 112 адам қаза болды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Непал астанасында соңғы тәулікте 1970 жылдан бері алғаш рет жауын-шашынның ең көп мөлшері тіркелді. Толассыз жауған жауын салдарынан ойпатты жерде орналасқан елді мекендерді су басты.

Гималай метеорологиялық орталығының мәліметінше, Катмандуға орта есеппен 240 мм жауын-шашын түскен, кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 322 мм-ға дейін жеткен. Биліктегілер қаза болғандар саны тағы артуы мүмкін екенін ескертті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртенді

redaktor_qazyr

Шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім ісі бойынша жұмыс беруші кінәлі деп танылды

redaktor_qazyr

ҚМГ басшысы «Қаламқас-теңіз — Хазар» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz