Qazyr.kz порталы
Руханият

Төлеген Айбергенов

Төлеген Айбергенов 1937 жылы көршілес Қарақалпақстанда дүниеге келген. Алайда ақынның атамекені — Доңызтау өңірі. Ал оның әке-шешесінің қарақалпақ жеріне көшіп баруына өткен ғасырдың басындағы қуғын-сүргіндер себеп болған.

Әкесі Айберген – сөзге шебер, негізінде ел басқарған, ауыл-аймағына сыйлы, қадірменді адам болған. Ол ауызша есепке жүйрік, ақылды, зерек ақсақал атанған. Әсіресе ауа райының қай кезде өзгеріп кететін, егінді қай кезде жиып алуға болатынын дәл есептеп айтқан екен. Анасы Жібек те халық ауыз әдебиетін терең білетін, өз қатар-құрбыларынан жарқын жүзділігі, мейірімділігімен, ерекшеленіпті бір сөзді бір сөзге ұйқастырып, табан астында суырып салып айтатын болған.
Төлеген Айбергенов – бір анадан туылған төрт перзенттің бірі. Үміт, Мақпал, Балқия атты қыздары мен Төлеген.

1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Балауса жырларын жас кезінен бастап жаза бастайды. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан «Жас дәурен» атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары — «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде «Мир созвездья» (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың «Ақ ерке, Ақ жайық», «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал.
Ақынның атамекені ретінде Ақтөбе жұртшылығы оның мерейтойларын атап өтуге, есте қалдыру шараларына әрдайым атсалысып келеді. Ақтөбе қаласындағы бір көшеге, Байғанин ауданы Миялы ауылындағы мектепке ақынның есімі берілген.

Дереккөз: “Ақтөбе” газеті

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қал сұрауға қанша уақыт кетеді?

Redaktor Site

Қасым Қайсенов

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz