Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Төлеген Жанғалиев

Ғұмырдың өткеріліп ең қызығы,
Күніңнің білінеді кемділігі.
Түңіліктің бойынан аса алмайды,
Түстік жерге түсетін көз қиығы.

Мойындап тіршіліктің жалғандығын,
Мойынға асылмайды арман бүгін.
Жылатып жүрегіңді тұратындай,
Уақыт уысында қалған күнің.

Қалған күн – қас пен көздің арасындай,
Қас қақсаң, қайта оралмай қалатындай.
Түннің барлық түстері қорқынышты,
Абай айтқан бақсының моласындай.

Тірнектеп тірлік құрдық мұсылманша,
Тірлік әлі сүрерміз күтім болса.
Өмірден өгіз құсап өрге тартқан,
Өзің де асығарсың құтылғанша.

Болсаң да қаптап тұрған қалың орман,
Бола алмас керек кезде бәрі қорған.
Маңдайыңа тек Алла ғұмыр жазсын,
Маңдайға жазбағанның бәрі жалған…

Ұқсас жаңалықтар

Жылқы атауларын білесіз бе?

Redaktor Site

ШҚО-да жеті студенттік ассамблея ашылды

admin_qazyr

Бокстың шығу тарихы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz