Qazyr.kz
БілімМәдениет

Том мен Джерри мультфильмінің шығу тарихы

Том мен Джерри — америкалық анимациялық мультфильм онда басты кейіпкерлер Том мысық пен Джерри тышқан. «Puss Gets The Boots» бірінші анимациялық бөлімнiң шығарылымы (аудармасы «Мысықтың құйрығынан тепті» дегенді білдіреді) 1940 жылдың 4 ақпанында бүгінгі күнге дейін теледидар экрандарында көрсетілуде.

Том мен Джерридің негізін қалаған америкалық мультипликаторлар Уильям Ханна мен Джозеф Барбера.

Бастапқыда 1940-1958 жж. Мультфильм Голливудтағы «MGM» студияларында шығарылған. Сол кезде шығарылған анимациялық бөлімдер ең үздігі болған. Ал сол мультфильмнің продюсері Фред Куимби болса композиторы Скотт Брэдли әрбір бөлiм үшін шағын музыкалық әуендер жазған. Мультфильм суретшісі Ирвин Спенс ол айна алдында тұрып мультфильм кейіпкері Том мысықтың түрлі мимикасын өзі арқылы салған. Ал Кеннет Мьюз Джерри тышқанды салған.

1958 жылдан кейін мультфильмді шығару құқығын алғаннан кейін Чехословакияға сатылды да 1963 жылы мультфильм Голливудқа қайта оралып онымен басқа «Sib-Tower 12 Productions by Chuck Jones» атты студиясы айналысты.

Мультфильмнің алғашқы бөлімiнде екі басты кейіпкердің есiмдерi – Том ( Джаспер) мен ал Джерри (Джинкс) ағылшын тілінен аударғанда «Бақыт әкелуші» дегенді білдіреді). Екінші бөлімде олардың есiмдерi өзгертілiп бiзге таныс Том мен Джерри аталып кетті. Мультфильм суретшілері кейіпкерлердің сырт келбетін бірнеше рет өзгертті.

1945 жылы «Tom & Jerry — Quiet please» атты бөлім Оскарды жеңіп алды.

Дегенмен бөлімдерде тышқанды ұстау қиындықтарды ғана емес сонымен қатар қазіргі қоғамның маңызды мәселелерін де қозғайды. Соған қарағанда мультфильмді шығарушылар кішкентай америкалықтарды күрделі ересек өмірге бейімдеу үшін жасаған сияқты. Мультфильмде түрлі жағдайлардан шығудың жолын табу үшін жанашырлық пен мейірімділік сенiмдiлiк адал достық үмітсіздік сияқты түсініктер қалыптасады. Сондай-ақ махаббат күрес бәсекелестік те көрсетілген.

Тiптi спортқа классикалық музыкаға деген әуестік жалпы әлемге деген көзқарасты қалыптастырады.

Оған қоса Мысық Том мен Джерри тышқаннан басқа да қосалқы кейіпкерлер бар. Олар: Спайк (Бульдог) және оның ұлы күшік (Тайк) Томның қарсыласы — көшедегі қара мысық (Батч) балық (Голди) үйрек (Куакер) Джерридің туыстары: (Пекос ағай) гитарада кантри музыкасын ойнауды ұнататын және Джерридiң iнici — (Маскл) (ағылшын Muscles сөзінен шыққан) сонымен қатар Джерри асырап алған жетімек тышқан — (Тафи).

Аталған кейіпкерлердің есімдері еш жерде жарияланбағандықтан оларды расымен де ешкім бiлмейдi.

Ең құпиясы бұл жерде кейіпкер — Томның үй иесі — (Мама-екі-тәрпішке). Ол экрандарда жартылай бейнеленгендіктен осындай атау алған. Мультфильмнің бұл жерде меңзейтiнi басты кейіпкерлер адамдар емес жануарлар екені.

1940-50 жылдары Томның иесі афроамерикалық болғандықтан ол нәсілдік кемсітушілік сынына ұшырады. Алайда В.Ханна мен Д.Барбера Томның үй иесін ақ нәсілді әйелге ауыстыруға мәжбүр болды. Ол кезде 1954 жылы АҚШ-тың iшкi саясатына байланысты нәсілдік кемсітушілік заңсыз деп танылды. Ал 12 жылдан кейін Томның үй иелері мүлдем болмады.

Осыған қарамастан мультфильм кейіпкерлері адами қабілеттерге ие олар: оқуды жақсы көруді спорттық ойындарды (теннис гольф) ойнауды от жағуды және оған тамақ пісіруді пианинода ойнауды өлең айтуды біледі.

Мультфильмнің ерекшелігі кейіпкерлер кадрларда мүлде сөйлемейді бірақ көрермен кейіпкерлердің әрбір қимылын әр ниетін тіпті әрбір ойын ұғып алады. Мұның бәрі мультфильм негiзiн салушы мультипликаторлардың кейіпкерлерге керемет мимика эмоция сыйлағаны.

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Қуаныш Нұрпейсов (тарихшы)

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Өмірлік кеңестер

Redaktor Site

Уақыт үнемдеудің 10 тәсілі

Redaktor Site

Сағынышым-ау

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты