Саулықтың жасы үлкен,
Қошқардың басы үлкен.
***
Түйе – шудасын,
Жылқы жалын, Сиыр мүйізін төсейді.
***
Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайжы.
***
Байтал шауып бәйге алмас.
***
Малдың жайын баққан білер,
Оттың жайын жаққан білер.
***
Мал жайған малдың жайылғанына тояды.
***
Жоғалып табылған мал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа.
***
Мал жуасы – қой,
Аң жуасы – қоян.
***
Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.
***
Қулық құлын жанды.
***
Құлындаған биеден, құдықтағы су артылмайды.
***
Ел көркі – мал, өзен көркі – тал.
***
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
***
Түлік – төлден өседі.
***
Малы бардың назы бар.
***
Семіздік аяғы сегіз.