Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Камала Харрис демократияға қауіп төндіреді, өйткені оған партияның кандидатурасы заңсыз берілді, деді оның республикалық қарсыласы Дональд Трамп мәлімдемесінде.Бұл туралы Qazyr.kz Eadaily.com-ға сілтеп хабарлайды.
«Харрис демократияға қауіп төндіреді.Олай болмаса қалайша ол жоғары дәрежеге көтеріліп кетті. Ол мені демократияға қауіп төндіреді дейді, бірақ керсінше ол қауіп төндіреді. Ол президенттіке үміткер болмауы керек еді, кандидаттықты оған тапсырып қоймай,әділ таңдау болуы керек еді!»,деді Трамп Пенсильваниядағы митингіде.Ол Харристі тарихтағы ең нашар вице-президент деп атады, және жұрт Американың қазіргі президенті Джо Байденге күлгендей, әлем «Харристі де мазақ етеді» деді ол.
Айта кетейік,АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден Трамппен дебатта сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, Харрис президенттікке кандидат болды. Партия ауыстырылған кандидатты жартылай жабық түрде бекітіп, съезде бекітті.Айта кетейік, АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада өтеді.