Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Тұманбай Молдағалиев

Туған ағам болған жоқ тура айтатын,
Мектеп жақтан екеу боп бір қайтатын.
Тұрмас па едім бір сөзін екі айтқызбай,
Тұрмас па едім ол келсе, байлап атын.

Маған тағдыр бермепті ондай бақыт,
Сондықтан да көп сөндім, жанбай жатып.
Өзімді-өзім аға ғып омырауладым,
Сөзге құлақ бермей бір, құдай атып.

Той бағасын айтылған әні білер,
Танып қалды бұл күнде мені бір ел.
Туған інім болған жоқ, бірақ, бірақ,
Туғандай боп табысқан бар інілер.

Үмітім — бір гүлдерін жарған шыбық,
Қарамайды бірі де маған суық.
Айтқанымды екі етпей тұрады олар,
Байлайды ылғи атымды алдан шығып.

Есіркейді ел-дағы бізді бүгін,
Аялаған шуақтай күзгі гүлін.
Аға таба алмадым еркелейтін,
Іні тапсам — өзімнің ізгілігім.

Көпке сеніп, көпке ердім жолдарымда,
Бақсыз емен, жоқ және мол бағым да.
Әлде ағалар қатты ма, кім біледі,
Әлде өзім тәттірек болмадым ба?!

Ұқсас жаңалықтар

Алтындай шашырап күн шықты

Redaktor Site

Абай Құнанбайдың отыз бірінші қара сөзі

Redaktor Site

Ханбибі Есенқарақызы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz