Qazyr.kz порталы
ӘмбебапПайдалы кеңестерРуханият

Түнгі ұйқыны бұзатын 6 әдет

Уақыт түнгі сағат үшке таяды. Ертең қаншама істі бітіру жоспарыңда бар. Бәріне үлгеру үшін таңертең ерте тұруың керек, бірақ сенің әрі-бері аунап, ұйықтай алмай жатырғаныңа екі-үш сағаттан асып кетті. Ойың сан-саққа жүгіріп, ұйқыға кетуге маза бермеген соң смартфонға көңіл аударып едің, уақыттың қалай зуылдап өтіп кеткенін байқамай қалдың.

Қазір сені бір сұрақ қана ойландырады. Таңның атуына екі-үш сағат қалса да кішкене көз шырымын алуға тырысып көрейін бе? Әлде мүлде ұйықтамай-ақ қояйын ба? Ақыры күннің шығуына шамалы-ақ қалды емес пе?!

Ғаламшарымызда күнде миллиондаған адам ұйқысыздық мәселесіне тап болады. Қаншама уақыт бойы ұйқы мәселелері көбінесе ересек адамдарға қатысты деп саналып келгенімен, соңғы жылдары ұйқысыз жасөспірімдер қатары артып жатыр. Түнде дұрыс ұйықтай алмаған жасөспірім қалай білім алады? Күні бойы қандай көңіл-күйде болады? Ойланып көрдің бе?

Оқырмандарымыздың көп бөлігін жасөспірімдер құрайтынын ескеріп, бұл жазбада түнгі ұйқыны бұзатын 6 зиянды әдетпен бөлісуды жөн көрдік.

1. Кез келген уақытта ұйқыға жатуды доғар. Саған күні бойы өзіңді сергек сезініп жүру үшін қанша сағат ұйқы жеткілікті екенін анықтап, қай уақытта нақты ұйқыға жататыныңды белгіле. Не себепті: сен әртүрлі уақытта ұйқыға жатқаныңмен, саған күнде сабақ, спорт, жұмыс және т.б. істерге үлгеру үшін белгілі уақытта ұйқыдан тұру керек, салдарынан қалаған уақытыңда ұйқыға жатып үйреніп қалсаң, көз шырымын жеткілікті мөлшерде алмауың мүмкін.

2. Ұйықтар алдында ойын ойнау, сериал көру және т.б. қызықтырып әкететін істермен айналысуды доғар. Бұлай сен ұйқы уақытын одан бетер жылжытып жібересің. Кешкісін сериал көріп бастасаң, дер кезінде стоп деу оңайлыққа соқпайды, сол секілді шамалы ойын ойнайын деп бастап, уақыты келгенде өзіңді тоқтата алмай, түні бойы экранға телміріп, ұйықтамауың мүмкін. Сол үшін ұйқыға жатарға жарты не бір сағат қалғанда демалыс сағатын белгіле. Тісіңді тазала, ертеңгі киіміңді дайында, аяқ киіміңді сүртіп қой, оқуға жеңіл кітап оқы, тыныштандыратын классикалық (не кез келген сөзі жоқ) музыка тыңдап, ұйқыға кетуге дайындал. Демалыс сағаты қандай тамаша уақыт!

3. Ұйықтар алдында интернетті қолдануды доғар. Үшінші кеңеске қосымша ретінде ұсынамын. Әсіресе, түнге жақын интернетпен әлеуметтік желілерде отыру зиянды, себебі Tiktok, Instagram және т.б. бір кіргеннен кейін ондағы контентті ақтара беруден өзіңді арашалап алу өте-мөте қиын, сондықтан да демалыс сағаты жақындағанда компьютер/ноутбукті өшіріп, телефоныңды төсектен алшақ жерге қойып, бір сағат болсын гаджеттерден демал!

4. Ұйықтар алдында кофеин ішпе (кофе, шай, энергетикалық сусындар және т.б.). Құрамында кофеин бар сусындар ұйқыға кетуге кедергі жасайды. Оның орнын шөптерден дайындалған шаймен (травяной чай) ауыстыр.

5. Ұйқыға жату уақыты жақындағанда жаттығу жасауды доғар. Не себепті: физикалық белсенділік кезінде дене температурасы жоғарылап, ұзақ уақыт бойы нормаға түспеуі мүмкін, нәтижесінде ұйқыға кету қиындайды.

6. Бүгін бейберекет болса, оны ертеңге қалдырма. Өзің елестетші: таңертең ерте тұрып, асықпай жаттығу жасап, медитация, аффирмация айту секілді ритуалдарды орындап, жаңа белестерді бағындыруға жақсы көңіл-күймен аттанудың орнына сен ұйқыдан тұра сала кеше жуылмай қалған ыдыстарды жуып, үй тазалап, таңертеңнен күйбең тіршілікке басыңмен батып кетесің. Сосын күні бойы ештеңе бітірмегендей сезіммен жүресің. Мұндай жағдай орын алмас үшін уақытында тазалық жұмыстарын жүргізген жөн.

Сонымен, жоғарыда сенің түнгі ұйқыңды бұзатын 6 зиянды әдеттер жайлы жазып өттік. Берілген кеңестерді жүзеге асырасың деген сенімдеміз!

Ұқсас жаңалықтар

Шыңғыс хан туралы біз білмейтін деректер

Redaktor Site

Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны

redaktor_qazyr

Арыста әскери қызметкер өзін-өзі атып жіберді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz