Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан қаласында ереже сақтамаған 900-ден астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында ереже сақтамаған 900-ден астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл туралы Qazyr.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

«Жыл басынан бері Түркістан қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жаяу жүргіншілердің белгіленбеген орындардан өтуінің 900-ден астам жайты анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер жүйелі іс-шаралар өткізуде. Жолдағы қауіпсіздік тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де тығыз байланысты екенін ескеруіміз қажет.
Осы ретте кейбір тұрғындар жолдан өтіп бара жатса да, телефонға қарауын тоқтатпайды. Құлаққап арқылы әуен тыңдайды. Енді бірі телефонмен сөйлеседі. Бұл да жүргіншілерді алаңдатады.

Полицейлердің айтуынша, белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілерге 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ережені бір жыл ішінде қайта бұзған жағдайда айыппұл 10 АЕК-ке дейін ұлғаяды.
Статистика көрсеткендей, жолдағы апаттардың үштен бірі жаяу жүргіншінің қатысуымен тіркеліп жатады. Сондықтан белгіленбеген жерден өту жол қозғалысының барлық мүшелеріне қауіпті екенін есте ұстаңыздар. Жол қозғалысы ережесін сақтаңыздар.»,-деп ескетті
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Келестегі кеңкелестің тірлігі «Анасын кірпішпен ұрып,16 жастағы қызды зорлап өлтіріп кеткен»

redaktor_qazyr

Айт намазының кестесі 2024 жыл

redaktor_qazyr

Әр нәрсені білуге ұмтылу

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz