Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазір

Түркістан облысында бір тәулікте 2 есірткі егу дерегі анықталды

Түркістан облысында бір тәулікте 2 есірткі егу дерегі анықталды.

 Түркістан облысында бір тәулікте 2 есірткі егу фактісі анықталды.

Оның бірі – есірткі зертханасына қатысты дерек, – деп хабарлайды Polisia.kz. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі, оның ішінде жастардың есірткіге, түрлі құмар ойындарға, заңсыз әдеттерге әуес болуы үлкен мәселе.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркістан қаласында өткен құрылтайда айтып өтті. ҚР Президенті көрсеткен бағытта, ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында есірткі қылмысы, оның заңсыз айналымына тосқауыл қоюда тәртіп сақшыларымен тыңғылықты шаралар атқарылуда. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Қ.Сахов мәлімдеді.

Қылмыстардың ашылуы мен қылмыскерлерді құрықтауда жедел әрекет ететін полицейлерді қадағалап, жұмысты үйлестіріп, басы-қасында жүретін Қ.Саховтың айтуынша, тәжірибелі тәртіп сақшыларының шұғыл қызметі нәтижесінде 1 тәулікте екі бірдей есірткі өсіру дерегі анықталды. Мәселен Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, есірткіні ерекше әдіспен өсірген кентаулық тұрғынды анықтады.

Ер адамның үйін тінту кезінде, жатын бөлмесінен ішінде есірткіге ұқсас заты бар 11 сіріңке қорабы табылды. Одан әрі жедел ақпарат көздері арқылы оның ағасының үйінде есірткі өсіретіні анықталды. Нақтырақ айтсақ, күдікті жас жігіт туысының пәтеріне есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған фитозертхана жасаған. Яғни, пәтердің бір бөлмесін арнайы фитожарықтандырғышпен жабдықтап, есірткінің өсуіне қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еткен. Жедел уәкілдер оқиға орнынан “заңсыз бақша” яғни есірткіге ұқсас өсімдік өсірілген 18 гүл құмырасын тапты. Бұл ыдыстардан 46 сабақ пен 3 түп сора өсімдігі тәркіленіп алынды. Алынған есірткі заттарына сараптама тағайындалып, зерттеу қорытындысы марихуана есірткісі екенін растады. Одан бөлек пәтерден 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

Тексеру кезінде бұл қару бірнеше жыл алдын болған пәтер ұрлығы кезінде ұрланған қару болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ПД-ның экстремизмге қарсы күрес басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдері деструктивті діни ағым жақтаушы ретінде есепке алынған түркістандық ер адамды есірткі егумен айналысқаны үшін құрықтады.

Тәртіп сақшылары анықтаған жедел ақпарат нәтижесінде, күдіктінің ауласынан 2300-ге жуық егілген есірткіге ұқсас түптер алынды. Сонымен қатар шыны ыдысқа салынған есірткіге ұқсас зат алынды. Сараптама тағайындалды. Нәтижесінде алынған түптер  жалпы салмағы 60 келіге жуық сора есірткісі болып шықты. Ал шыны ыдыстағы 35 грамнан асатын марихуана екені дәлелденді.

Күдікті қамауда. Аталған екі дерек те ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен тіркелді, тергеу жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Елордада 19 жастағы есірткі делдалы ұсталды

redaktor_qazyr

Арыс: Газ баллон жарылып,наубайхана өртенді

redaktor_qazyr

Құстарды атамын деп баланы өлтірді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz