«Түркістан қаласында 4 жасар бала далаға ойнауға шығып, қайта оралмаған.Жоғалған баланың денесін полицейлер көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынап тапты»,-деп хабарлайды ҚАЗІР ақпарат агенттігі.
Далаға ойнауға шығып қайта оралмаған баласын іздеп, Түркістан қаласының тұрғыны полицияға хабарласқан.Оқиға 1-інші желтоқсан күні болған.
Жоғалған баланы іздеуге полицейлер,Ұлттық ұлан құтқарушылары және әскери қызметшілер шыққан.Сонымен қатар, баланы табуға еріктілер мен қала тұрғындары көмектескен.
Нәтижесінде 4 жасар баланың денесін 3-інші желтоқсан күні көрші үйдің жанындағы кәріз құдығының ішінен тапты.
Баланың денесіне медсараптама жүргізілді,мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық пен кісі қолынан өлтірген белгілер табылмаған.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен полиция департаменті,прокуратура басшылығы жұмыс жүргізуде.