Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Үйлену тойға тілектер

Құрметті ______________!
Сендердің заңды некелерің құтты болсын. Сендерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сендерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі «Келісім сарайындай» биік болсын!
* * *
Сендердің ақ отауларыңның іргесі берік, шаңырағы биік болсын, түтіні түзу шалқысын! Тең-құрбыларыңның алды болыңдар! Үй ішің жанға, қораларың малға, қалталарың ақшаға толсын! Қол ұстасып өмірдің қиыны мен қызығын бірге кешіңдер. Бақытты болыңдар! Достарың да, ұрпақтарың да көп болсын! Бүгінгі той алда болатын көптеген қызық қуаныштың басы болуға жазсын! Осы дастархан басында отырған достарыңның бәрі сол қуанышты бірге тойлай берейік!

Ұқсас жаңалықтар

Жас-жұбайға тілек

Redaktor Site

Жарақат алғанда не істеу керек?

Redaktor Site

Маған сыздауық жиі шығады, ол неліктен?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz