Үйде өз қолыңызбен пицца маргарита жасағыңыз келген болар!Дегенімен сізде қалай әзірлеуге болатын қоспаның тізімі жоқ болар!Бүгін біз сізбен ол қоспаның тізімін бөлісеміз!
Қажетті заттар:
(Осы рецеппен төрт үлкен пицца шығады)
Қамырға:
-150 мл сүт
-150 мл су
-2 ас қасық қант
-1 шәй қасық тұз
-0,5 шәй қасық ашытқы(дрожи)
-0,5 шәй қасық ас содасы
— 1 ас қасық сары май
— 1 ас қасық майонез
-қажетінше ұн
Салмасына:
-2 шт қызанақ
-200 гр ірімшік
-2 ас қасық кетчуп
-2 ас қасық майонез
1. Қамыр дайындаймыз. Сүт пен суды біріктіріп шымшыл қылып жылытамыз да, араластырамыз. Сосын бетін жауып 10-15 минутқа қалдырамыз.
2.Уақыт болғанда сол массаға тұз, сода, сары май, майонез қосып араластырамыз. Сосын ұн қосып, қолға жабыспайтын қамыр илейміз.
3. Иленген қамырды жарты сағатка көтерілу үшін бетін жауып қалдырамыз. Аздап көтерілсе жетеді. Енді қамырды төрт бөлекке бөліп, күлшелеп, бетін целлофанмен жауып, 10 минутқа қалдырамыз.
4. Дайын күлшелерді жайып, бетіне салмасын саламыз. Ол үшін: кетчуп пен майонезді араластырамыз да, жайылған қамырдын бетіне жағамыз. Сосын қызанақты қалаумыз бойынша турап, қамырдын бетіне саламыз.
5. Болашақ пиццаны 200 градусқа қызып тұрған пешке салып, 10 минутай пісіріп, пештен шығарамызда үккіштен өткен ірімшікті сеуіп жібереміз. Пешке қайта 5 минут ұстаймыз.
Пицца дайын!