Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Үйсіндер

Жетісу­дағы сақ жер­лерін б. з. б. II ғ. Ор­та­лық Ази­ядан кел­ген үйсін тай­па­лары ме­кен­деді.
Үйсіндер ас­та­насы – Қызыл аңғар қала­сы.
Үйсіндер мем­ле­кеті 3 бөлікке: шығыс, ба­тыс, ор­та­лық бөліктер­ге бөлінді. Мем­ле­кет бас­шы­сының ла­уазы­мы жаз­ба де­рек­терде гунь­мо деп аталған. Олар жайылым, са­уда жо­лы үшін қаңлы, ғұндар­мен ұзақ соғыс­ты. Қытай­мен кең дип­ло­мати­ялық және ту­ыс­тық қаты­нас­та болды.
Ар­хе­оло­ги­ялық қаз­ба­лар нәти­жесінде та­былған әйелдің тәжі тәрізді әше­кейлі бас киімі Қарғалы ди­аде­масы – үйсіндердің өнері мен діни на­нымы­нан мәлімет бе­ретін құнды ес­керткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалы­нан та­былған.
Үйсіндер қорған­да­ры негізінен үйінді оба түрінде болған.
Үйсіндер ме­кен­де­ген ай­мақта қолөнердің да­мыған­дығы байқала­ды. Үйсіндердің бей­не­леу өнері сақтар­дың көркемдік дәстүрімен (аң стилі) бай­ла­ныс­ты. Үйсіндер­де құмы­ра жа­сау кәсібі ба­рын­ша да­мыды. Үйсін ыдыс­та­рының негізгі түрлері — те­гене­лер мен ке­селер, тос­таған­дар, түрлі құмы­ралар мен қазан­дар. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қола­дан еңбек құрал­да­ры, қару-жа­рақтар, сәндік бұйым­дар жа­саған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, асыл тас­тар, бағалы тас­тар мен бағалы ме­талл, сүйек өңдеу ісі де да­мыған.

Ұқсас жаңалықтар

Мұқағали Мақатаев

Redaktor Site

Қазақ кітаптарының эволюциялық дамуы мен кейбір ерекшелігі 

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz