Жүрегiмдi барады шарпып жалын,
Аяқасты қарашы шарқ ұрғанын.
Аяңдайтын шағында алып-ұшып,
Албырттыққа алдырды-ау, антұрғаның.
Қатал уақыт қайырылмай,
Жаны ашымай,
Талайларға сездiрген бағасын-ай.
Мен осынау отыммен лапыл қағып,
Жас боп қалғым келедi дəл осылай.
Жаспын əлi!
Жастықтан қайрат тапқам,
Күйдiрген де, жандырған, ойнақтатқан,
Ал…
Айнаға қарасам – абыржимын,
Сол құрғырды кiм екен ойлап тапқан?!