Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ұлыма тілек

Ағайын, туған жақыннан ақылдымын деп ойлама,
Бір іске кірсең батылдан, бұға беруді қой, бала.
Өзіңнің туған күніңді айналып жылда келетін
Біте қайнасып, бірге өскен достарыңсыз тойлама.

Ірімін деме ешкімнен, бірімін дегін бұл көптің,
Біткенін ойла әрқашан өзіңе алған міндеттің.
Бақыт тұр биік терек боп, немесе аппақ қайың боп,
Қасынан, балам, олардың сәлем берместен күңде өттің.

Биіктей берсін терегің, сынбасын желге қайыңың,
Толқынын тірлік теңіздің тік кешіп өтсін қайығың
Жондағы ұзақ жол тайғақ абайлап аяқ басқайсың,
Орманыңмен ортаймай, арманыңменен байығын.

Тоқтамайтыны белгілі тартады өмір әріге,
Қажетті жердің бәрінде көмектескейсің кәріге.
Ешкімнің көңілін қалдырма, еңкейіп келсе біреулер
Шалқайып шықсын алдыңнан, марқайып шықсын бәрі де.

Ұқсас жаңалықтар

Шоқан Уәлихановтың өмірібаяны

redaktor_qazyr

Тіске қалай күтім жасау керек?

redaktor_qazyr

Сағи Жиенбаев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz