Журналистика – ғылым. Журналистика – тарих. Зерттеушілер журналистика тарихын тас дәуірінен басталатынын алға тартады. Ендеше, уақыт тұрғысынан оның «вторая древнейщина» аталуы бекер болмаса керек.
Журналистика – бейресми төртінші билік, әлеуметтік құбылыс. Қызық та қиын, құрметті де мазасыз мамандықтың адамы да – осы журналист. Оның тілі – заңның тілі, әділеттің тілі.
Журналист – жолаушы. Өйткені, ол өмір бойы жол үстінде. Ол жүрмейтін жол, бармайтын ел, жер жоқ. Ол –қоғамның үні, қоғамның көзі. Журналист қоғамдағы жақсылық атаулыны жаңғыртып, жамандық атаулының жер-жебіріне жететін қаламгер, қайраткер. Қай жерде,кіммен сөйлессе де оның тілі – әдеп, мәдениеттің тілі.
Журналист – ой адамы. Онда ойсыз күн жоқ.Журналист – сезімнің адамы. Жасыл жағалауды көрсе жаны жасарып, тылсым табиғатқа қараса, сөзден жыр төгеді.
Журналист – мінездің адамы. Ол кез келген мықтының алдында «ләпбай, тақсыр» деп жүгіре жөнелмейді.
Оның пірі – халық.Журналист өз мамандығының құлы. Өз мамандығын
сүймейтіндерге журналистикада орын жоқ. В.А. Кочетковтың: «Если она сурова, если она тебе не нравится,уходи из газеты в другую, иную профессию!» дейтіні шындық.
Журналистік жауапкершілік – этикалық жауапкершілік. Бұл жердегі тағы бір мақсат: болашақ журналистерге
жауапкершілікті және этика ғылымының пәрменді құрал екендігін ұғындыру.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Оның мақсат-мұраттарына, заң ережелеріне қарай журналистердің де моральдық-этикалық ерекшеліктері байқалуда.
Журналистік этиканың аудиториясы – оқырман, көрермен, тыңдарман, халық. Ол (этика) сол қоғаммен, сол халықпен бірге қозғалып, бірге дамиды. Қоғамымызда этикалық заңдылықтардың нормалары сақтала бермейді.
Бұл – этикалық проблема. Журналистік дәстүрлер сабақтастығының сақталмауы, аға ұрпақ тәжірибелерінен қол үзу – проблемадан туындаған проблемалар. Журналист этикасының проблемалары бізде жете зерттелмеген, талданбаған. Тіпті, бұл мәселе жөнінде қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер некен-саяқ.
Журналистік қызметтің саяси, құқықтық, адамгершілік нормалары, біздің байқауымызда, әлі де шашыраңқы.
Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы қаптаған этикалық ақаулар, қым-қиғаш заңсыздықтардың орын алуы соның салдары