Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Үміт Битенова-Мұғаліммін

Мен ұстазбын. Мамандығым — мұғалім.
Шәкірт жанын жанарынан ұғамын.
Кеудесіне білім нәрін құямын,
Сәулесі мен күннің құям шуағын.

Барлық ісім — бала үшін, наныңыз,
Оқушылар — барымыз да нарымыз.
Кәсібіміз — тауып жеген нанымыз,
Нәсібіміз — аппақ адал арымыз!

Өмірдегі екі кезең екі ірі —
Болашақ пен бала шақтың көпірі
Арадағы біз арқылы бекіді,
Біз — мектептің қоғам сенген өкілі!

“Жүрегі де бұл ұяның — біз” дейміз,
“Білім — теңіз, айдынында жүз” дейміз.
Жаманнан да жақсы қасиет іздейміз,
Жалғаннан да жеріп күдер үзбейміз.

Мұғалімбіз шаршамайтын, талмайтын,
Мектеп үшін бар уақытын арнайтын,
Қиналса да қиянатқа бармайтын,
Жұрт қатарлы жүріп көштен қалмайтын.

Нарық жаулап алтын заман бедерін,
Арзандатпақ болса да ұстаз беделін,
Өз атыма кір шалдырмай келемін,
Озат ұлан өсіре бер, тек, Елім!

Ұлы сүрлеу — ұстаздық жол — ұлы әлем,
Шамшырақ боп мәңгі жанып тұра бер!
…Өкінбеймін. Қайта туар күн болса,
Осы жолды таңдап қайта туар ем!..

Ұқсас жаңалықтар

Сарматтар.Сарматтар туралы деректер

redaktor_qazyr

Менің Анам-100 жаста!

Redaktor Site

Таңғы ұйқыдан ояна алмайтындарға кеңес

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz