Qazyr.kz порталы
Руханият

Үмітпен

Үмітпен

Үмітті армандарға барып үзген,
Салқындап хабар келді сары күзден.
Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,
Бұл жалған қалады ғой бәрімізден.

Еттен емес қағаздан тұшпарасы,
Ас емес торда өскен құс баласы.
Сүт емес суға езген аппақ тозаң,
Қайдан тусын палуан күш дарасы.

Ұрандаған ұрпағы батырлардың,
Даланы жайпап неге тақырладың.
Қой емес күшік бағып тар бөлмеде,
Көбеюде тумайтын қатындарың.

Жұлдыздай түнгі аспанда ағып өтем,
Демеңдер мұның ойы тағы бөтен.
Ақиқаттан жалтарған бұл қоғамда,
Шындықты табу деген сағым екен.

Келінінен шегуге шылым алған,
Барады әні,еркегі қылмыңдаған.
Кіндік ашты деп бұрын шошушы едік,
Бүгін міне,шалбарын жыртып алған.

Шыншылдардың жабылып тілін кескен,
Ей,адамдар айтыңдаршы бұрым кескен.
Ұлдарыңнан не қайыр шашын бояп,
Сырға салып құлаққа,мұрын тескен.

Дәуірлерде өтеді,замандарда,
Сиясызда жазады қаламдарда.
Құлатады құртады көзі кетсе,
Ескерткіштер қойсаңда жамандарға.

Үмітті армандарға барып үзген,
Салқындап хабар келді сары күзден.
Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,
Бұл жалған қалады ғой бәрімізден.

22.08.2016ж Алматы
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Серік Тұрғынбекұлы — Қазақ тіліне қан керек

Redaktor Site

Сағынышым-ау

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz