Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Ыбырай Алтынсарин — Әй,достарым

Әй, достарым

Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма!
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.
Жақсының жүзі жәндетті,
Бір көруің қанібетті,
Жаманның ісі міндетті,
Зар берсе алушы болма!
Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа.
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа.
Бар күшіңді сынаспай,
Балуандармен күреспе.
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың көлемге.
Ақылсыз достан — ақылды дұшпан артық.
Сырты майда, іші қан.
Ел ішінде жар — жора,
Достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Дін – өте нәзік әрі маңызды сала

redaktor_qazyr

Ордабасы ауданында 3 рет дүкенге ұрлыққа түскен жас жігіт ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz