Qazyr.kz
Мәдениет

Зейнолла Қабдолов

Зейнолла Қабдолов (1927-2006) — 1927 жылы 12 желтоқсанда Атырау облысында туған. Орта мектептен кейін екі жыл (1943-1945) өндірісте жұмыс істейді. 1945 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітіреді де, осы білім ордасында бүгінге дейін елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жүмыстарын қатар жүргізіп келеді. Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымының докторы, профессор. Ширек ғасыр бойы ҚазМҰУ-дың әдебиет кафедрасын басқарған, бірнеше жыл «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі мамандығымен қоса атқарған, «Ұшқын» (басында «Өмір ұшқыны») және «Жалын» (Бүкілодақтық жүлдеге ие болды, 1972) романдарының, «Адам» (1964), «Сыр» (1975) атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған «Сөнбейтін от» драмасының авторы.

Дереккөз: “Егемен Қазақстан”

Ұқсас жаңалықтар

Талғат Теменов

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қоғабай Сәрсекеев

Redaktor Site

Пікір жазу