Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Зеленский Трамптың ұсынысын қаңтар айында күтетінін және соғысты тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың соғысты аяқтау жөніндегі ұсынысын қарауға дайын екенін Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша өтілген 3-ші халықаралық конференциясыеда мәлімдеді,деп хабарлайды Qazyr.kz шетел БАҚ-ына сілтеп.

«Мен келесі жылы бұл мәселені шешуге толық мүмкіндік бар екеніне сенімдімін. Оған сәйкес келетін қадамдар да бар… Ресей біздің әрекетіміздің барлығын қабылдамайтынын білеміз. Бірақ БҰҰ Жарғысы бар, және біздің әрекетіміздің барлығы осы Жарғыға негізделген, сондықтан олар серіктестер тарапынан қолдау табады», – деді Зеленский.

Сондай-ақ,ол Украинаның әртүрлі елдердің, соның ішінде жаһандық Оңтүстік елдерінің ұсыныстарын тыңдауға дайын екенін атап өтті.

«Сонымен қатар, мен АҚШ-тың жаңа президентінің ұсыныстарын көргім келеді. Мен бұл ұсыныстарды қаңтар айында көремін деп ойлаймын. Және бізде бұл соғысты аяқтау жоспары болады деп сенемін», – деді Зеленский.

Ұқсас жаңалықтар

Connected болашақ образын түсіну конференциясы әлемнің 27 елінен 2000-нан астам сарапшыны біріктірді

redaktor_qazyr

Міржақып Дулатов — Таршылық халіміз хақында аз мүнәжат

Redaktor Site

Арыс қаласының ауруханасында қолын күйдіріп алған Монтайтастық келіншекке қаржылай көмек берілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz