Сурет: adobestock
«Жақсы адамдар дүниеден ерте өтеді»деген сөзді жиі естиміз, бірақ бұл тек халық арасында қалыптасқан түсінік қана. Мұндай пікірдің шығу себебі адамгершілігі жоғары, мейірімді,жақсылық жасайтын адамдардың өмірден өткені айналасындағыларға ауыр тиіп, оларды ерекше сағынышпен еске алумен байланысты болуы мүмкін. Алайда ғылыми тұрғыдан бұл пікірді дәлелдейтін нақты деректер жоқтың қасы.
Мұндай түсініктің адамдарда қалыптасуы сезімталдық пен адамның есте қалу ла сеьеп болуы мүмкін.Жақсы адамдар өзгелерге көмектесіп, ізгі істерімен есте қалады. Олар қайтыс болғанда, артында қалған адамдар бұл жағдайды ауыр қабылдап, «мұндай жақсы жан неге ерте кетті?» деп өкінішін білдіреді.Мейірімді, жанашыр адамдар басқалардың өміріне көбірек алаңдап, өз денсаулығын екінші орынға қояды. Осы себепті олардың өмір сүру ұзақтығы қысқарақ болуы мүмкін.
Ал психологиялық тұрғыдан айтатын болсақ,жақсы адамдардың қазасы көпшілікті қатты күйзелтеді, жағымсыз қасиеттері бар адамдардың өмірден өткені онша еске алынбайды. Сондықтан бізге жақсы адамдар ғана ерте кететіндей көрінуі мүмкін.Адам өмірінің ұзақтығы көптеген жағдайларға байланысты.Мәселен генетика, қоршаған орта, өмір салты және т.б. Сондықтан адамның жақсы немесе жаман қасиеттері оның өмір жасына тікелей әсер етпейді.
Дін тұрғыдан қарастырсақ,исламда адамның өмірі Алланың қолында, яғни әрбір жанның қашан дүниеге келіп, қашан өмірден өтетінін бір Алла ғана біледі. Жақсы адам ерте қайтыс болса, бұл Алланың сынағы немесе сол жанның жәннатта орны дайын деген сенім бар. Бұл түсінік өмірден өткен жақындардың өліміне сабыр етуге, төзімді болуға үйретеді.»Жақсы адамдар ерте өтеді» деген сөзді ақиқат ретінде қабылдау дұрыс емес. Адамның өмір жасы көптеген жағдайларға байланысты және тек адамның жақсы немесе жаман болуына қатысты емес. Бұл сөз көбіне эмоционалдық тұрғыдан, жақын адамын жоғалтқан кезде айтылатын жұбату сөзі ғана.Өмірдің ұзақтығы емес, оның мәні маңызды. Жақсы адамдардың жасаған ізгі істері мен артында қалдырған ізі олардың есімін ұзақ уақыт есте сақтауға себепші.