Qazyr.kz порталы
Руханият

Жаңбырмен бірге жылап тұрғанымды

ЖАҢБЫРМЕН БІРГЕ ЖЫЛАП ТҰРҒАНЫМДЫ…

Беріліп жыр жазғанда жаным бөлек,
Болмысым қарапайым, көңіл зерек.
Азғана жүрегімнен не жазсам да,
Әрқашан тұрасыздар қолдап-демеп.

Өлеңім ізгілікке жол бастардай,
Сағыныш сазды әуенін маздатқандай.
Әйтеуір бір өзгеріс әкеледі,
Басыма бақыт сыйлар жазғы ақ таңдай.

Бұлттанса көңілімді мұң басады,
Сағыныш шыдас бермей қырды асады.
Төкпелеп қара нөсер кеп қалғанда,
Шабытым тоқтау бермей жалғасады.

Қара түн, үнсіз ғана тұр сақтанып,
Алғандай бір өлеңнен моншақ тағып.
Сезімдер айға сырын ақтарғандай,
Қарайды батыс жақтан алшақ барып.

Есіме түсіргендей жылдарымды,
Тырсылдап тыңдағандай сырларымды.
Сезбеппін сол бір кезде ағыл-тегіл,
Жаңбырмен бірге жылап тұрғанымды!

ЕРЖІГІТ НАҚСҰЛУ ШЕГЕБАЙҚЫЗЫ

16.09.2022 жыл #ҚАЙТАЛАУ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Серік Сейітман-Бақыт

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz