Qazyr.kz порталы
Руханият

Жәнібек Салқынбек — «Б» ға

«Б»-ға

Ең алғаш көргенімде күлімдедің,
Жоғалдың да жанымды тілімдедің.
Жүректегі жайқалған гүлзарымнан
Өзге жан үзіп алған гүлім менің.

Гүлім менің,
Балалықпен бекіпті бұрын сенім.
Менсіз де бақытты боп жүрсің білем
Сенсіз де өтіп жатыр күнім керім.

Өкініш жоқ, өткенге артпан кінә,
Үмітім – зор батпандай бақтан жүдә.
Бағамды білмедің деп кектенбеймін
Бағалаймын сені іздеп тапқанды да.

Тағдырым ғой таңдаған жолды дара,
Мен бойдақпын, сен бүгін болдың ана.
Естеліктің барлығын ұмытамын
Өтінішім, тек енді қол бұлғама.

Заңдылығы өмірдің қаталдау тым,
Маңдайына жазғанын татады әркім.
Мұңлы сезім болады бар ақында
Рақмет саған өткінші махаббатым.

Ұқсас жаңалықтар

Жеңіске рухтың күштілігімен ғана жетуге болады

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz