Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚоғам

Жанындағы көлікке оқ атқан ер адам қолға түсті

Желіде жанында келе жатқан көлікке оқ жаудырған көлік жүргізушісінің әрекеті түсірілген видео тарап, елдің жағасын ұстатты, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Аталған қылмыс бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді», — деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша, жолдағы жанжал кезінде сигналдық тапаншадан оқ атылғаны белгілі болды. Тапанша тәркіленді. Оның заңды не заңсыз екені анықталуда. 

«Қару тәркіленіп, іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталып жатыр», — деп хабарлады полиция.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанайда студент 11 жылға сотталды

Redaktor Site

Путин Трамппен Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөзге дайын,бірақ Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы

redaktor_qazyr

Алдағы 3-4 айда үшінші дүниежүзішік соғыс басталып кетуі мүмкін- Дональд Трамп

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz