Жас тамған түн
Сенсіз де өмірді сүремін,
Сорынан бағын асырып.
Тыныштық іздейді жүрегім,
Күлкіге мұңын жасырып…
Қойдым енді жазбаймын хаттар саған,
Сенен жақын сияқты жаттар маған.
Екеуміздің арманымыз күзгі бақтай,
Әдемі еді кезінде ешкім ақтармаған.
Арамыз салқындады түнгі ызғардан,
Тағдырымыз тұрады екен сын құздардан.
Таң арайы аңсатты қол жеткізбей,
Жамалыңдай жадырап мың қызарған.
Көңілімде гүлдемейтін солған шынар,
Ғұмырымның тарауында болған шығар.
Бірақ-бірақ,айтайын үнсіз тағы,
Қәте менен!
Сондықтанда,жанарыңа жас толған шығар…
Сенсіз де өмір өтеді,
Білем,білем!
Жыласа да жүрегім,өзім күлем.
Өткен шақты қайтару мүмкін емес!
Торығады сөйтсе де төзім күрең…
19.11.2016ж Алматы
Біржан Досжан