Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Жас-жұбайға тілек

  • Құрметті жас-жұбайлар жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын! Сендерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңмен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңбмн шын жүректен құттықтаймын. Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын! Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін. Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір-біріңе қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін дегендей екі жүрек сенімдерің ақ, бір-біріңе деген сезімдерің пәк болсын. Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын.
  • Сендерге нәзіктік мен шынайы махаббат, сенім мен түсіністік, бақыт тілеймін. Барлық жерде бір-біріңе қолдау көрсете біліңдер. Бір-бірің үшін өмірдің тірегі мен мән-мағынасы болыңдар. Шаңырақтарыңнан тыныштық пен молшылық, мейірімділік пен жылулық кетпесін, үйлерің сәбидің қуанышты күлкісіне толсын. Бірге өткізген әрбір сәтті бағалай біліңдер. Өмір атты өзендерің тұнық, суы мөлдір, арнасы терең, бай болсын. Алла сендерге барлық бастамада қолдау көрсетсін. Ұстасқан қолдарың мәңгі болсын!
  • Құрметті жас-жұбайлар! Сендерді бүгінгі айтулы мерекелерің – шаңырақ көтерген күндеріңмен шын жүректен құттықтаймын. Бір-біріңді мәңгі сүйіп, бақытты болыңдар, сезімдеріңді бағалап, үнемі бір-біріңе қолдау көрсетіңдер. Отбасылық бақыттарың махаббатқа, нәзіктікке және қамқорлыққа толы болсын. Бір-біріңді түсініп, кешірімді болыңдар. Шаңырақтарыңнан көп күттірмей сәбидің қуанышты күлкі естілсін! Махаббаттарың мәңгі болсын!
  • Қымбатты жас-жұбайлар! Бұл өмірде адамдардың бір-бірін, өздерінің махаббатын табуы өте маңызды! Бұл бақыттың да сендерге бұйырғанына қуаныштымын. Екеуіңді махаббат кездестірді! Сендерді бүгінгі үйлену тойларыңмен, қуаныштарыңмен, махаббаттарыңмен, жаңа өмірлеріңмен құттықтаймын! Сендерге ұстасқан қолдарыңды берік сақтауға көмектесетін, барлық қиындықты жеңіп шығатын адал махаббат, шыдамдылық пен кішіпейілділік тілеймін. Бір-біріңді түсініп, бір-біріңді кешіре біліңдер! Бақытқа, қуаныш-шаттыққа толы ұзақ күндер тілеймін. Күндерің жарқын, берекелі, мерекелі болсын, үйлерің бала-шағаға толсын!

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас 2024 жылдың қараша айына арналған ауа райы болжамы

redaktor_qazyr

Ыбырай Алтынсарин — өнер,білім бар жұртта

redaktor_qazyr

Уақыттың 12 құпиясы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz