Құрметті жас-жұбайлар, сіздерді заңды некелеріңізбен шын жүреқтен құттықтаймыз. Жаңа өмірге аяқ бастыңыздар, басқан қадамдарыңызға гүл бітсің. Көтерген шаңырақтарыңыз биік, керегелері кең болсын. Іші толы сәбидің үні болсын деп тілей отырып махаббаттарың мәнді де сәнді болсын дегім келеді. Көлде жүзген қос аққудай махаббаттарың берік болсын… Аспанда қанша жұлдыз болса, сонша бақыт тілеймін! *********** Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл, келін! **************