Qazyr.kz порталы
Руханият

Жауап туралы өлең

Жауап
Күнім құрсын өмір сүрген…күйкі күз кешем
Сенемісіз,естеліктер-құйқы құз десем
Біліпсіз ғой келмесініз енді маған…
Бәсе неге беттен қатты сүйдіңіз десем.

Ерке мінез қылығыңыз ұнамды еді
Ұлпа сезім дегенменен тұманды еді
Оралмасқа кетеріңіз біліп…бәсе,
Тым қадала қарауыңыз күмәнді еді.

Қалған көңіл таңы атпай кімге күрсінбек,
Сырласуға шақырады күзге кірсін деп.
Құшқаныңыз қаттырақ….ойыңыз ба еді
Жылуыңызбен біраз уақыт жүре тұрсын деп.

Тағдырымды мұз үстінде тайғанаттым.
Елестетіп естелікті ойға баттым…
Сеніңізші…ойымдасыз…мен де бір күн
Оянбасам…мені сонда ойламақ кім?

Көңілім құл болды далада қаңғырған
Үмітім-құр елес сағым боп жаңғырған.
Менікі де емес-ау бұл өлең…із сөзі…
Бетімде,жүректе өзіңіз қалдырған…

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Марфуға Айтхожина — Қыздар-ай

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz