Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғамПайдалы кеңестер

Жауырынмен бал ашу

Халқымызда көнеден келе жатқан әрі тылысым сыр ретінде танылған мұраның бірі- жауырынмен бал ашу.
Жауырын — жұп , үшбұрышты жалпақ сүйек. Оның үстіңгі шетінде жауырын шеміршегі болады.
Ол үшбұрышты және екі беткейлі. Жауырынның төменгі ұшында тоқпан жіліктің басымен буындасатын шұңқыры бар.
Қазақ малдың жауырын сүйегін тылысым- сырларды білуге, не бір құпияны ашуға арналған «айна» секілді қасиетті сүйек санаған.
Үміт күтер баласына әкесі дүниеге келген күні жауырын дайындаған.
Біріншіден, сойылатын қойдың жасы төрттен кем болмауы керек.
Екіншіден, қой жұма күні туылған болуы керек.
Үшіншіден қой жұма күні сойылуы керек.
Төртіншіден, қойдың жауырынын пышақ пен тіс тигізбей еттен тазартады.

СӘБИДІ ЖАУЫРЫНМЕН АУЫЗДАНДЫРУ САЛТЫ
Отқа қақталған жауырынды
болашақ жауырыншы болар баланы туысымен ана сүтін емізбей тұрып, сүйекті жалатады.
Сүйекті сәбидің жөргөгімен бірге бөлеп, кейін оны бала көрмейтін сандықтың түбіне сақтап, бала 10 жасқа келгенде балаға жауырынға түскен суреттен қорықпас үшін анда-санда бір сәт көрсетіп бойын үйретеді екен.
Ал 14- ке келгенде, жауырынмен ауыздандырған. Иманы аузында бар ауыздандыратын бәйбіше баланы жуындырып, таза киім кигізіп, бөлек бөлмеге апарып жауырынды қолына ұстатып, сүйектен көрінген суреттен қорықпауын, оны көру қасиеті әлгі балаға тән екенің айтады
ЖАУЫРЫНДЫ ОТҚА ҚАҚТАУ
Жауырынды үш жерінен шимен сызып, белгі салып қақтаған. Жауырынның қазандығының тереңдігіне, көлеміне қарап, оған жұққан түтін ысына қарап та болжам айтқан.
Жауырыншы сүйекке қарап өтіп кеткен өмір мен болашақты айнытпай болжаған.
Ертеде Темір бидің жалғыз қызы Жәміш көріпкел жауырыншы болған. Көзбен көргендей, қолмен ұстағандай айтқанына орыстар мен қытайлықтар таңқалған.
Жұңға мемлекеті туралы:»Көсемдерің ұзақ жасайды, елің үрейлі, халқың кедей, құмырсқадай көбейесіңдер»- десе, орыстарға:»Жеңіліске ұшырайсындар»- деген, ертеңіне өзіне келген әскер басшысының денесі даладан табылған көрнеді.
«Қазақтың басынан небір дәуір өтер, бірақ жамандық болмайды»- депті.
…Қазтуған жырында Жасыбай мен Ханкелді батырлардың ақсарбас қойдың ақ жоңқа сүйгегімен жаудың қанша санысын, жеңілісі мен жеңісін айтып отырған.

СЫМАТАЙ ҮМБЕТБАЕВ ҚОБЫЗШЫ
Тама- Жөгінің «Көзей» руынан шыққан, 1947 жылғы туған, Қарағанды обылысы,
Жаңаарқа аданының Жаңаарқаның Түгіскен аулында туған қобызшы Сматай Үмбетбаев кезінде елге белгілі жауырыншы болған.
Елдің жоғалған малын, қарақшылардың қылмысын ашқаны үшін өміріне қауіп төніп, әкесі Мұқамбетжан баласын жауырыннан айырмақшы болады.
Ел жиналып жауырыннан алыстатқанда бала есінен танып құлайды.
12 күн ессіз жатып, басын көтеріп, өзіне көрпенің астынан жауырын ашқанда,
» қобыз» деген сөз шығады. 9 жасында өзі ағашқа қыл байлап, өз бетінше қобызда ойнай бастайды. Әкесінің ағасы атақты Ысқақ әулиенің ұлы Хасен
(Сандуғаш Хасенованың атасы) күй табақ ойнайтын патефонды сыйлайды.
Содан естіп, қобыз күйің ойнай бастайды.
Кейін әкесі Жабал Нұрмағанбетке апарып, қобыз туралы көп мәлімет әрі батасын алады…
Ауылда қой бақты.
Қой бағып жүріп, қобыз тартады деп біреулер күлетін.
Консерваторияның ректоры Е.Рахмадиев
Алматыға алдырып, оқуға түсіреді. Бірақ нотаны меңгере алмағандықтан, жеке
Д.Мықтыбаевтан дәріс алады.
Ө.Жәнібековтың ұсынысымен қазақтың «Нар қобызың» жасаған ұлттық оркестірінің басты аспабының құрамын толықтырады.
Ол Қытай,Индия,
Жапония елдерінде қобызымен күй тартып, қазақ өнерін дәріптеді.
Жапония да оған риза болып, «Тойота» машинасын сыйға тартты. Ә.Кекілбаев шет ел қонақтарына Сыматайға қобыз тартқызғанда, ұлыған қасқыр, гуілдеген жел,
боздаған бота дауысын естіп, таң қалып, қол соққан.
Мен өзім Сыматайдың қобыз тартқаның өзім көрдім.
Менің әкем Төлеген 1972 жылы 14 сәуірде қайтыс болды.
Әкемнің қарындасы Қаншайымның күйеуі Жабал Жәнбектің Нұрмағанбеті әкемнің бейітін көтертіп, біздің үйде жатқан. Бірде Сматайды шақыртып алып, қобыз тартқызды. Әкенің өлгені бар, қобыздың қайғылы үніне қосылып сол күні бір жылағаным бар…
Сыматай менің туған анамның жақын інісі.
Үлкен әкемнің қолында өскендіктен Арғындарды нағашым деп, Көзейлерді енді есейгенде мойындап жүрмін…
Сматайға қобыз тартқызған сол баяғы қобыз жасауды үйреткен Нұрмағанбет еді.
Нұрмағанбет жездем өте әзілқой еді.
Сол жолы Сматайға:
» Қол ақысына бір мал берем, маған да бір қобыз жасап бер, мына «молда балдызыма» менде үйретейін»- деп мені жанына шақырды.
Мені «молда балдыз»дегенмен ойнамайтын. Нұрекең бет біткеннің нұрлысы еді.
Адамға мейіріммен қарайтын.
Шіркін, бүгінде Нұрекең де қобыз үні де бәрі маған сағыныш…
Бүгінде жездем Нұрмағанбетте, Сматайда жоқ…

Ұқсас жаңалықтар

Тараз: Абақтыдан жақында ғана шыққан ер адам әйелін үйімен қоса өртеп жіберді

redaktor_qazyr

Трамп Путинмен Украинадағы соғысты доғару жайында телефонмен сөйлесті

redaktor_qazyr

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz