Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғам

Жетісу облысында екі жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Бүгін Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың қатысуымен екі жаңа медициналық мекеме — дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Ескелді ауданының Шымыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2129 тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген және медициналық-санитариялық алғашқы көмек, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек, зертханалық диагностика, сондай-ақ профилактикалық егу қызметтерін ұсынады.

Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) 430 тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті екі орта буын маманы, сондай-ақ пациенттерді қабылдау үшін аптасына 1-2 рет амбулаториядан келетін дәрігер көрсетеді.

ФАП-тың негізгі қызметіне санитариялық-медициналық алғашқы көмек көрсету, аурулардың профилактикасы, скринингтік бағдарламаларды іске асыру, жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жасау, сондай-ақ вакцинациялау жүргізу кіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда үш әлеуметтік нысан өз жұмысын бастады

admin_qazyr

Берік Уәли Семей қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді

admin_qazyr

Қазақстандықтарға жалған бос жұмыс орындары ұсынылуда

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz