Qazyr.kz порталы
АймақӘдебиетӘмбебапҚазірРуханият

Жетісуда жазушы Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығы аталып өтті

Жетісу облысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы әрі мемлекет қайраткері Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығына арналған республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Мерейтойлық шара Алакөл ауданы Қабанбай ауылында ұйымдастырылды деп хабарлайды Qazyr.kz

Іс-шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, ақын Ұлықбек Есдәулет, ғалымдар, қаламгерлер және жергілікті тұрғындар қатысты. Қатысушылар алдымен жазушының бюстіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Конференция барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хаты оқылды. Президент хатында Әлімжановтың қазақ руханияты мен халықаралық әдеби байланыстарды дамытудағы ерен еңбегі атап өтілді. Бұл құттықтау хаттар ауылдағы Қабанбай атындағы тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды.

Ғылыми-танымдық жиында жазушының шығармашылығы мен қоғамдық қызметі кеңінен сөз болды. Әнуар Әлімжановтың әл-Фарабидің қазақ қоғамына танылуына қосқан үлесі, тарихи тұлғалар туралы еңбектері және Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс орнатудағы еңбегі ерекше аталды.

Шара аясында мәдениет үйінде көрме мен бейнефильм көрсетіліп, жазушы рухына арнап ас берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Мұқағали Мақатаев

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Енді дәрігерлерге науқастан қатерлі ісік,туберкулез ауруларын ерте анықтағаны үшін 18 400₸ төленеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz