Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазір

Жетісай полицейлері тұрғынның ауласынан 3 мың түп көкнар тәркіледі

Жетісай полицейлері тұрғынның ауласынан 3 мың түп көкнар тәркіледі, – деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егіп өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алған жетісайлық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, оның тұрғылықты жеріне тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ер адамның үйінің ауласынан 3 мың түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді. Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша алынған өсімдік көкнәр болып шықты. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Турген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

admin_qazyr

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет- Тоқаев

redaktor_qazyr

Ресей әскери рельске толық отырмақ

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz