Qazyr.kz порталы
Қазір

Жігітті интимдік бейнежазба арқылы бопсалаған

Жігітті интимдік бейнежазба арқылы бопсалаған.

Тараз. 26 маусым күні 4 адамнан құралған «порно-қарақшылар» ұсталды. Осыдан алдын 24 жасар жігіт өзін әлдебіреулер бопсалап жатқанын хабарлап, полицияға арызданған. Белігілі болғандай, әлгі «порно-гангстерлердің» қолына жәбірленушінің эротикалық сипаттағы видеолары түскен. Олар еріксіз «порножұлдыз» болған жігітті бопсалап, 990 000 теңге бермесе, әлгі видеоны «таратамыз» деп қорқытқан екен. Сондықтан, амал жоқ талап еткен соманы берген. Бірақ, «порно-бандиттер» тойымсыздық танытып, тағы сұраған көрінеді. Нәтижесінде, жәбірленуші өзінің видеолары мұншалықты бағалы емес екенін түсінген болар, полицияға шағымданған. 29, 28, 24 және 19 жасты бопсалаушылар тұтқындалды. Жасы үлкен екеуі изоляторға тоғытылса, қалған екеуі үй қамаққа алынды. Тергеу жалғасуда.
Дереккөз:Abaibol Telegram арнасынан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан пойыздарында спутниктік интернет іске қосылды

redaktor_qazyr

Жетісу облысында биыл 44 жаңа медициналық нысан пайдалануға беріледі

admin_qazyr

Алматылықтар бір айда 20 мыңнан астам қажетсіз киім тапсырды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz