Qazyr.kz порталы
Руханият

Жұмекен Нәжімеденов

1935 жылы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Нәжімеденов Жұмекен Сабырұлы дүниеге келді.

Атырау облысы Құрманғазы ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетін, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты бітірген.

Ол 1959-1965 жылдары – «Жазушы» баспасының кіші редакторы, 1965-1966 жылдары – республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі. 1966-1971 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1974-1978 жылдары – Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, 1978-1983 жылдары «Мектеп» баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш кітабы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрген. «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Ұлым, саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Темірқазық», «Менің топырағым» кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы, «Мен – тамырмын» дастандары, «Қасірет пен қайсарлық», «Жұмекен», «Жаңғырық», «Жарық пен жылу», «Весенние ветры», «Мен туған күн», «Жеті бояу», «Шуақ», «Ашық аспан», «Қыран қия», «Тебе говорю, потомок» толғау, поэмалары мен жырлары, «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» атты  романдарының авторы.

Дереккөз: Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы атап өтілді

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Күләш Ахметова — Үзілген түймені қадау

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz