Qazyr.kz
БілімМәдениет

Жұмекен Нәжімеденов

Бүкіл әлем махаббаттан тұрады –
Таңғы шапақ – от боп жанған еріндер.
Бүкіл әлем мейірімнен тұрады –
Әжелердіңәжім жүзін көріңдер.
Жаса десе дүниенің картасын
Көл орнына көз салар ем тұп-тұнық.
Алатау мен Балқан таудың ортасын
Бір тал шашпен жалғар едім мықты ғып.
Білеу-білеу қырларының орнына
Білегімнің сүгіретін салар ем.
Өрбіп жатқан өзендердің орнына
Қан-тамырдың сүгіретін салар ем.
Бүкіл әлем – мейірімнен тұрады,
Бүкіл дүние – махаббаттан тұрады!
Жуады ғой қатып қалған қайғыны
Жаңа туған бала күннің шуағы.
Көрсет десе ғұмырыңның бар сырын
Күн көзіне тосар едім күректі.
Жаса десе, жаса десе жер шарын
Сүгіретін салар едім жүректің.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Астана қаласында 3-7 қыркүйек халықаралық шабандоздар бәйгесі өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты