Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Жұмыстан босатылған мем-қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік берілмек

«Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік берілмек»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ

Мәжіліс ҚР кейбір заңнамалық актілеріне оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының нормалары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қамтиды.

Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне шексіз тыйым салуды белгілеу бөлігін Конституцияға сәйкес емес деп таныды.

Бұл орайда Конституциялық Сот заңда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің сай келмейтінін атап көрсеткен.

Бұл ретте Конституциялық Сот кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деген теріс себеппен өкілеттігін тоқтатқан судья өзге де салаларда, соның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыра алады деп есептейді.

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысында аурухананың бас дәрігері мен кадр бөлімінің басшысы қомақты ақша жымқырған

redaktor_qazyr

500 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді: Жетісуда ірі жоба жүзеге асып жатыр

admin_qazyr

Азат Перуашев: Қабдеш Жұмаділдің 90 жылдығы ел көлемінде аталып өтуі керек

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz