Адамды жарты жолда тастап кетуге болмайды. Махаббатыңды толық көрсетіп үлгерместен қоштасушы болма. Естен тандырарлық ғашықтық, құмарлықтан бастап жүрекке маза берер жан тыныштыққа дейін жету парыз. Махаббат есік қақса, оны бастапқы аккордтан ең соңғысына дейін сезіну маңызды. Бәрін бастан өткер: ниет, тілек, шаттану, жек көру, теріс айналу. Оның қолына жүрегіңді суырып беріп, ұстатып, орта жолда тастап кетпе. Жүрексіз қайда бармақсың? Кеудең бос қалады. Орны жазылмас дертке айналады. Орта жолда махаббатты тастауға болмайды. Ол адамға деген тұтас ниетіңді көрсетіп, жүректегі отты сөздеріңді тегіс айтпай, жаныңның жарығын бүтіндей жарқыратпай тұрып айырылма. Хикаяның бәрі шарықтау шегіне жетіп аяқталуы тиіс. Соңы бақытты бола ма, жоқ па, маңызды емес. Егер хикая соңына дейін жетпей, орта жолда үзілсе, сен өмір бақи жалғыздықтың торына шырмаласың. Оның көзі мен қолын ұмытуға текке тырысасың. Өмір бойы бітпей қалған махаббаттың ауыр жүгін арқалап өтуге тиісті боласың. Махаббатты бірінші тараудан үзе салуға тырыспа. Хикаяны аяғына дейін оқып шығуға ниеттен. Қорықпа. Махаббаттың міндеті сені бақытты ету емес. Саған өмірді таныстыру. Кеткің келмей тұрса, кетуге асықпа. Арадағы үзілмес жіпті өртеп әуре болма. Махаббаттың барлық кезеңін бастан кешуге қорықпа. Кейде азапты, кейде машақаты көп болса да, махаббатсыз өмір одан да ауыр, кеудең бос қалмасын. Бұл фәниде ең қиыны жүрексіз қалу.
«Чтобы звёзды дрогнули…»
© Алина Ермолаева, 2018