Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Жүргізуші куәлігін алып беремін» деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

«Жүргізуші куәлігін алып беремін» деп алаяқтық жасаған ер адамның ісі әшкере болды,деп хабарлайды Qazyr.kz Түркістан облысы ПД сілтеп.

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған ер адамды ұстады.
Белгілі болғандай, жұмыссыз күдікті ер адам танысына «жүргізуші куәлігін алып беремін» деп жалған уәде берген.
Жәбірленушіден алдын ала 200.000 теңге ақшасын алып, алдап келген. Ал ақшаны жеке басының пайдасына жаратқан.

Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да дәл осындай алаяқтықтың 2 фактісіне қатыстылығын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгеден астам.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтінішті eGov мобильді қосымшасында және eGov.kz порталында беруге болады

redaktor_qazyr

Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жібермек – NYT

redaktor_qazyr

Шағыр ауыл көшелеріне қашан асфальт төселеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz