Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚазірПайдалы кеңестер

Журналисттің міндеттері

    Журналистика – өмір. Егер ол нағыз журналист болса,
егер ол журналистикаға жүрек қалауымен келсе, оның
өмірі жылдармен емес, жазғандарымен есептеледі.
«…что бы ни случилось, что бы ни произошло, а материал должен быть доставлен во время. Во имя этого не будешь спать ночь, вторую, третью, во имя этого прошагаешь полсотни, сотни километров, во имя этого пропустишь чьи-то очень важные именины и наживаешь семейные неприятности, во имя этого обойдешься без выходных, обморозишь ноги,если зима. Поссоришься с тем, с кем не хотел бы ссориться, на что только не пойдешь во имя этого, чего только не перетерпишь. Таков закон. Если он для тебя суров, и ты им не доволен, уходи из газеты в любую иную профессию, но не прикидывайся журналистом, газетчиком».Вс.А.Коетов
Журналистика – мазасыз мамандық. Небәрі, бар-жоғы бес-он бет материал үшін журналист әне, жүздеген,мыңдаған шақырым жер жүріп қайтады. Сондықтан «журналист – халықтың елгезек қолғанаты».
Журналист еместер түн қатып баспаханаларда кезек￾шілік атқармайды. Фотоаппараттарын арқалап ел-жер
араламайды, ұйқылары қанық, жандары тыныш…
Журналистің қызмет-бабы барысындағы бүкіл мораль￾дық-этикалық принциптер – осы жолдардың жиынтығы.
Тақырыпқа орай кішкене үзінді.

1. Журналист өз сөзіне, ой-пікіріне қандай жауапкер￾шілікпен қараса, халықтың ой-пікіріне де сондай жауапкершілікпен, құрметпен қарайды.

2. Журналистің алдында әрдайым халық үшін, оқыр￾ман үшін не істеуім керек, жазған-сызғандарымды оқыр￾ман қажетсіне ме, жоқ па дегендей мазасыз сұрақтар
тұруы керек. Және соған жауап іздейді.
3. Мамандығына құлай берілген, жаны таза нағыз
журналист оқырманға ақиқатына әбден көзі жеткен,
анықталған шығармалар ұсынады. Деректерінен күдік,
күмән пайда болса, оны кейінге ірке тұрады.
4. Журналистің кімді болмасын өтірік мадақтап та,
қаралап та жазуына қатаң тиым салынған. Ондай
жағдайда журналист өзінің ар-иманы алдында, Заңның,
халықтың алдында жауап береді, моральдық өтемге
шейін барады.
5. Журналист әңгімелесіп отырған адамның жас ша-
масына, кәсіби деңгейіне қарай бейімделіп, онымен
бүкпесіз, ашық-жарқын әңгімелеседі. Тұрпайы мінез,
дөрекілік танытпайды.
6. Мәлімет жинау барысында журналист ішкі ойын
жайып салмайды.
7. Әдепті журналист дерек жинау, объектіні зерттеу
барысында адамдардың уақытын алмайды. «Қай жерде,
қай уақытта кездескенді қолайлы көресіз?» деп, уақыт
белгілеуді адамдардың өз ықтиярына салады.
8. Біреулердің жүйкесінің жұқарып жүретін кезі бола-
ды. Сондықтан парасатты журналист адамдардың ішкі
құпиясын қазып сұрай бермейді, заң орындарына жасы-
рынып бармайды.
9. Әңгімелесіп отырған адам (информант) сөз арасын-
да: «мақала бірдеме жазғандай болсаңыз мына нәрсе￾лерді кіргізбей-ақ қоярсыз, жай өзіңіз үшін айтып отыр-
мын» дей қалса, журналист оны ескеруі тиіс.
10. Журналист жақын-жуығының өтініш-тілегін пай-
далана қалса, өте сақ, абай болғаны жөн.
11. Журналист редакция почтасына келіп түскен хаттарға да, хат авторларына да құрметпен қарайды.
«Осылай да жаза ма екен?», «бос сөз», «мылжың» деп,авторлар хаттарын ысырып тастау журналистің үлкен әдепсіздігі.

12. Редакция қызметкері хабарлар дайындағанда
авторлардың аты-жөнін сызып тастап, орнына өзінің
аты-жөнін жазуына немесе авторларға өз аты-жөнін
тіркеп жазуына /соавтор/ қатаң тиым салынады.
13. Редакция қызметкері жарық көрген шығармасы
үшін ешкімнен ештеме дәметпейді.
14. Редакция қызметкері редакцияның ішкі құпиясын
қатаң сақтайды.

Ұқсас жаңалықтар

Алма Ақылбайқызы — Әппақ қар

redaktor_qazyr

Уханың дайындалу жолы

Redaktor Site

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz