17.3 C
Шымкент
13-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамэкономика

Жыр болған Салық кодексі: Бектенов үкіметі бір адым кері шегінді

Қазақстанда ҚҚС (қосымша құн салығы) мөлшерлемесі 16%-ды құрап, оны төлеу межесі 40 млн теңге болып белгіленді. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.

Оның айтуынша, бұл шешім билік пен бизнестің арасындағы күрделі келіссөздер нәтижесінде қабылданған.

«Біз ортақ келісімге келдік. Енді ҚҚС ставкасы 16 пайыз болады. Оның шегі ретінде 40 млн теңгені белгіледік. Бұл көрсеткіш – екі жақтың да ұсыныстарын ескергендегі, ұзақ талқылаудың нәтижесінде қол жеткізген ортақ шешіміміз. Дегенмен, осының салдарынан бюджет 160 мың жаңа салық төлеушісінен айырылып, шамамен 400 миллиард теңге қосымша кірістен қағылады», – деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьер бюджеттің айтарлықтай шығынға бататынына қарамастан, билік бұл шешімді бизнестің тынысын ашу мақсатында саналы түрде қабылдағанын атап өтті.

«Үй іргесіндегі дүкендер, шаштараздар және басқа да тұрмыстық сервиспен айналысатын кәсіпкерлер ҚҚС төлемейді. Оларға қорқудың қажеті жоқ», — дейді вице-премьер.

Дей тұрғанмен, Бектенов үкіметі жеке кәсіпкерлерді тіркеуге қатысты талаптарды қатаңдатуды көздеп отыр.

Жаңа ережеге сәйкес, бұрын салық заңнамасын бұзғандар немесе атына тіркелген белсенді емес жеке кәсіпкерлігі бар азаматтарға алдағы уақытта ИП ашу қиындай түседі.

«Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу тәртібін күшейтеміз. Бұған қатысты тиісті заңнамалық нормалар дайындалды. Салықтық заң бұзушылық жасағандар немесе бұрыннан ашылған, алайда жұмыс істемейтін ИП-лары бар адамдар үшін жаңа ИП тіркеу едәуір күрделі рәсімге айналады», – деп түйіндеді Үкімет басшысының орынбасары.

 

Сондай-ақ, Үкімет жалпы сомасы 1,3 триллион теңгеден асатын 128 түрлі салық жеңілдігін жоюды ұсынып отыр. Бұл шара бюджетке түсетін түсімдерді арттырып, экономикадағы әділ бәсекелестікке жол ашуы мүмкін.

Министр Жұманғариннің айтуынша, арнайы салық режимдерінің саны (АСР) жетіден үшке дейін қысқарады. Олар: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізіндегі режим және шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған режим.

Сонымен қатар, табысы жоғары азаматтар үшін жеке табыс салығының жаңа мөлшерлемесі белгіленбек. Жылдық кірісі 8500 АЕК-тен (шамамен 29 млн теңге) асатын азаматтар енді 15 пайыз көлемінде салық төлейді. Ал қалған азаматтар үшін табыс салығының базалық 10 пайыздық мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады.

Ertenmedia анықтамасы: Қазір ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыз, енді ол 16 пайызға көтерілмек.

Бұл не деген сөз? Мәселен, бұрын кәсіпкер сататын тауардың немесе көрсететін қызметтің бағасына үстінен 12 пайыз ҚҚС қосатын болса, енді дәл сол тауарға 16 пайыз қосуға міндетті. Бұл тауарлар мен қызметтердің бағасын белгілі бір деңгейде өсіруі мүмкін.

ҚҚС шегі (салықты төлеуге міндетті болатын кірістің төменгі межесі) бұрынғыдай 20 000 АЕК (шамамен 78,6 млн теңге) емес, 40 млн теңгеге дейін төмендетілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі Нұрлан Көшеровтың төрағалығымен Түркістан әуежайын дамыту мәселесі қаралды

redaktor_qazyr

Каѕрі банктің атқарушы директоры Маржан Елшібаева британиялыққа тұрмысқа шықты

redaktor_qazyr

Түркістанда дәрігерлер 6 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш алып шығарды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz