Толық аты (Абдуллаһ Ганга Зумби)
Пальмаристің болашақ билеушісі 1655 жылы қазіргі Униан-дус Пальмарис муниципалитетінің аумағында дүниеге келген. 6 жасында оны португалдар ұрлап әкетіп миссионерлік шіркеулердің біріне діни қызметкер Антонио Мелге берген. Сонда бала Франциск деген атпен шомылдыру рәсімінен өтіп ғылымдар мен тілдерді зерттей бастайды. 1670 жылы ол шіркеуден қашып кетiп отанына оралады онда ол Пальмаристі қорғаушыларға қосылып исламды қабылдаған соң Абдуллаһ Ганга Зумби есімімен танылады.
Ол мұсылман билеушісі ұлы адам және Бразилиядағы мұсылман мемлекетінің қаһармандарының қаһарманы қаны африкалық. Зомби батылдығы үшін «Қарадан шыққан батыр» деп аталды!
Оның есiмi Португалия Бразилияны басып алғаннан кейін Батыс Африканың жағалауларына шабуыл жасалғанда белгілi болды. Оның тұрғындары тұтқынға алынып кемелердің трюмдерінде жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында қамауда отырған. Бұл оқиға 1539 жылы тұрғындар құлдыққа айдалып христиан дінін қабылдауға мәжбүрлеген уақытта болды. 1775 жылы біздің кейіпкеріміз осы кезде Зомби пайда болды.
Зомби адамдарды иманға шақырып түзу жолға салды құлдықтан азат болуға шақырды кейін оның ізбасарлары көбейген кезде ол Бразилияда ислам мемлекетінің құрылғанын жариялады да орталығын «Пальмарис» қаласы қылды.
Ол Португалия аумақтарына көптеген сәтті жорықтар жасады сондықтан оның басына үлкен сыйақы тағайындалды. 1692 жылы Зомби португалдарға тағы бір үлкен шығындар келтірді.
Жалпы ол өмір сүрген уақытта Зомби және оның iзбасарлары 58 португалдық және голландық жазалау экспедициясын талқандады. Тек 1694 жылы артиллериямен қаруланған португал әскері Пальмариске қарсы шабуылдағанда ғана ол ерлікпен қаза болды. Оның үстіне оның барлық тұрғындары құл болып өмір сүргеннен гөрі қолдарына қару алып өлгенді жөн санады.
Қара мұсылмандардың соңғы киломболары (мешіт) 1697 жылы жойылды. Нағыз мұсылмандардың басшылығымен елу жыл бойы тұрғызылған Пальмарис қаласы ақыры құлады.
Дегенмен Зомби өлмей португалдардан қашып құтылып 2 жылға жуық басқыншыларға қарсы күресті жалғастырады.