Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚоғам

10 ай бұрын жоғалған ер адамның жағдайы белгілі болды

Қарағанды облысында 10 ай бұрын жоғалған ер адам аман-есен табылды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. 

Полицияның мәліметінше, осы жылдың басынан бері хабар-ошарсыз кеткен Қарағанды қаласының 47 жастағы тұрғыны табылды. Қаңтар айында жоғалып кеткен азаматтың туыстары оны іздеу туралы әлеуметтік желіде хабарлама таратқан.
Ер адамның айтуынша, ол осы 10 айдың ішінде өңірдегі аудандардың бірінде тұрған, ал жақында Бұқар жырау ауданына келген. Ер адам өзінің мекен-жайын туған-туысына айтуды қаламаған. Сол себепті ер адам ешкіммен байланысқа шықпағандығын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қыздар үшін іш қату зиян дейді, оны қалай емдеуге болады?

redaktor_qazyr

Мемлекет Құлыбаевқа тиесілі 54 нысанды қайтарып алды

redaktor_qazyr

2025 жылы Қазақстанда 190 индустриалдық жоба іске қосылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz