Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚоғам

1ші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1ші тамызда аяқталады

«ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді.»,-деп хабарлайды Қазір ақпарат агенттігінің тілшісі.

Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі.

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталып, 4 айда 350 453 өтініш түсті, бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%, қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған.

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

2026 жылдан бастап Алматыда мектептер бір ауысымда оқытуға көше бастайды

redaktor_qazyr

Өмірге керек кеңестер

redaktor_qazyr

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы тағайындалды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz