Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа түсіп қаза болды

«Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа түсіп қаза болды.»,-деп хабарлайды Қазір ақпарат агенттігінің тілшісі Шымкент қалалық полициясына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды. Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқаққа суға түскен 10 жастағы жеткіншек оқиға орнында жан тапсырды. Бұл туралы сағат 19:30 шамасында Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына хабарлама түскен.

Бала ата-анасының қадағалауынсыз жүрген. Қазір Полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындады, — делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда көше жарығын жаңарту жұмыстары жедел қарқын алуда

admin_qazyr

Демалыс күндері қай өңір ыстық болады?

Redaktor Site

Түркістан облысында екі ауыл ауыз суға жарымай отыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz